Біздің батыр жарады

Біздің батыр жарады
Сурет: 24.kz

Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақ спортшысы Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ол елордадағы турнирде екі жарым минутта жеңіске жетті.  73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда 21 жастағы Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен жекпе-жек өткізіп, 34 секундта жеңіске жетті.

Финалға дейін Шамшаев тағы үш жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңді: Нингтоужам Суреш Сингх пен Бехрузи Хожазодуға қарсы 42 секунд өткізсе, қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевқа қарсы кездесу 31 секундқа созылған.