Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз

Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз
almaty-akshamy.kz

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен референдумға байланысты Қазақстан халқына үндеуі жарияланды.

Расында, біз Қазақстан тарихындағы ауқымды тарихи оқиғаның куәгері және қатысушылары болдық. Конституцияға енгізілген өзгерістерді қазақстандықтардың 77 пайыздан астамы қолдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз.

АМАNАТ партиясы референдум жарияланған күннен бастап Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды толығымен қолдады. Қысқа уақыт ішінде жаңа форматта ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз енгізілетін өзгерістердің мәнін әрбір азаматқа жеткізуге тырыстық.

Референдум қорытындысы қоғамның ел болашағына деген көзқарасының ортақ екенін көрсетті. Қазақстан халқы Президенттің Конституциялық реформасына үлкен сенім артып, қолдау білдірді.

Референдум біздің азаматтарымыз үшін маңызды, өзекті мәселелер бойынша өз еркін білдіру болды, біздің азаматтар тек түзетулер үшін ғана емес, өздері өмір сүргісі келетін ел үшін дауыс бергеніне сенімдімін.