Биткоин бағасы 200 мың долларға дейін жете ме?

Биткоин бағасы 200 мың долларға дейін жете ме?
cointribune.com

Соңғы аптада криптовалюта құны 66 мың долларға дейін өскен, хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кейбір сарапшылар биткоин бағасы 200 мың долларға дейін жетеді деп болжайды. Биткоин күн сайын қымбаттап жатыр. Кеше оның құны 66 мың долларға дейін жетті. Криптовалюта жайлы жаңалықтардан кейін «арзан кезінде алу керек еді» деген пікірлер көбейді.

Бірақ биткоинның қымбаттағанына қарап, оны сатып алуға асықпаңыз дейді сарапшы. Өйткені цифрлық актив күнде құбылады. Сондықтан нарықтық тәуекелді әрдайым ескеру керек.

Егер сіз кәсіби трейдер болмасаңыз, криптовалютаға инвестициялаудың алдында осы нарықты зерттеп алған жөн. Ал егер еш нәрсеге қарамай осы цифрлық активке қаржы құямын деп шешсеңіз, мамандардың кеңесіне құлақ салыңыз.

Айта кетейік, қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында ресми түрде тіркелген екі криптобиржа, бір халықаралық брокерлік компания жұмыс істейді.