Бишімбаев Нүкенованың ағасы мен туыстары оған қарсы пиар науқанын жүргізгенін айтты

Бишімбаев Нүкенованың ағасы мен туыстары оған қарсы пиар науқанын жүргізгенін айтты Сурет: Egemen.kz

Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.


Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирден көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Айыпталушы Қ.Бишімбаев жау беру кезінде прокурор оқыған айыптау актісінде өзіне қатысты айтылған айыптаулардың аталмағанын айтты. 



«Анасының қазіргі жағдайын, бәрін түсінемін. Бірақ мен мұны айтуым керек. Егер сіздер құжаттармен одан ары танысқан болсаңыздар, сіз айыптау актісін естідіңіз, мен ұсталған сәттен бастап,  Салтанаттың туыстары да, ағасы да болған оқиғаның барлық фактілерін бұрмалау үшін белсенді PR науқанын жасады.  Сіздер интернеттен жәбірленуші тарап пен туыстарының, оның (Салтанаттың) көзі ағып кеткенін, бас сүйегі тесілгенін, сынғанын, сау жері жоқ екенін және т.б. осындай мәлімдемелерді оқыдыңыздар. Айыптау актісін прокурор оқыды. Бірақ онда бұл айыптардың ешқайсысы аталмады»


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет