Бірнеше өңірде үсік және көктайғақ болады

Бірнеше өңірде үсік және көктайғақ болады Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 сәуірде 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. 


Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 


Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.


Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 


Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 


Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.


Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 


Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 


Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 


Астанада 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26