Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Liter.kz

Тұман мен бұрқасын болады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Ақтөбе облысының батыс бөлігінде тұман болады.

Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман күтілуде. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтілуде.

Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде түнде тұман болады.

Жезқазған қаласында да түнде тұман күтілуде.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады.