Бірлік бар жерде — тірлік бар

Абдухалил УРАЛБАЕВ,

Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы:

1 мамыр – бәріміз үшін ерекше мереке. 150-ге тарта ұлттың бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуі – үлкен жетістік. Бұл жолда қыруар еңбектер атқарылды. Бүгінде басқа елдер қызыға қарайтындай ынтымағымыз жарасып тұр. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кіріссек, алмайтын асуымыз жоқ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Бүгінде Елбасының дара да дана саясатының арқасында бір отбасыдай ұйып отырмыз.

Бұл мереке – аса құнды мейрам. Бірлігімізді одан ары нығайтып, ынтымағымызды күшейтіп, бауырмалдыққа баулиды. Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлттың салт-дәстүрін бағалап, әдет-ғұрпына құрметпен қарайтын күн. Әрине, ол бір күндік мейраммен шектеліп қалмау қажет. Құрмет, сыйластық қашанда бірінші орында тұрады. Бірақ дәл осы мереке – ынтымақ-бірлігіміздің айнасы іспетті. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деп бекерге айтылмаған. Бірлігіміз бекіп, ауызбіршілігіміз артқан сайын тірлік те өнеді. Демек, болашағымыз нық болады деген сөз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *