Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Сурет: 24.kz

Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды

29 қазанда еліміздің алты облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

29 қазан түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

29 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал.

29 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. 

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы тау асуларында 15-20 м/с болады. 

29 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады.