Бірінші жартыжылдықта қоғамдық маңызы бар жобалардың құрылысына 105 жер учаскесі алынды

Бірінші жартыжылдықта қоғамдық маңызы бар жобалардың құрылысына 105 жер учаскесі алынды
Сурет: Jasqazaq.kz

Негізінен учаскелер әлеуметтік нысандар, жолдар салу және қаланы абаттандыру үшін сатып алынады.

Бұл туралы брифингте Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сатып алу келесі жобалар бойынша аяқталды:

- Абай даңғылын Яссауи көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін үңгілеу;

- Бостандық ауданында Гагарин даңғылының батысынан Левитан көшесінің оңтүстігіне қарай емхана салу үшін;

- Бостандық ауданының "Ерменсай" шағынауданында балалар алаңын салу үшін;

- Наурызбай ауданының "Қарағайлы" шағынауданында Тажиев көшесі бойында балалар алаңы мен спорт ғимараттарын салу үшін;

- Алатау ауданының "Шаңырақ-1" шағынауданында (7 нысан) кәріз сорғы станциясының құрылысы;

- Наурызбай ауданының "Құрамыс" шағынауданында су құбыры және кәріз құрылысы;

- Түрксіб ауданы Читинская көшесіндегі кәріздік сорғы станциясының құрылысы.