Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталады

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталады
Сурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

«Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», – дейді Орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.