Бірінші сәуірден бастап кинотеатрлар жабылмайды

Бірінші сәуірден бастап кинотеатрлар жабылмайды
Сурет: Kapital.kz

Бұған дейін Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісі 2022 жылғы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабылатыны хабарланған болатын.

Kinopark және Kinoplex желісінің басшысы алдағы айларда кинотеатрлар фильмдермен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Kinopark желісінің кинотеатрлары 1 сәуірден бастап жабылмайды. Бұл туралы Kinopark және Kinoplex желісінің қожайыны әрі директоры Алмаз Малдыбаев хабарлады.

«Экранға 24 наурызда шығуға тиіс болған «Морбиус» фильмі 31 наурызға шегерілді. Көрермендер күтіп жүрген Marvel-дің «Доктор Стрэндж» фильмі де көрсетіледі. Қазір ол дубляжда», - деді ол.

Сондай-ақ, Малдыбаев сәуір-мамыр айларында да кинотеатрлар жаңа фильмдерді көрсететінін атап өтті. Ол бұл мәселеде оларға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев үлкен көмек көрсеткенін еске салды.

Сол кезде желі өкілдері мұны Ресей арқылы жұмыс істейтін ірі голливудтық компаниялар Қазақстанға фильмдерді ұсынудан бас тартып отыр деп түсіндірген еді.