Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті өмірден өтті

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті өмірден өтті
Cурет: AP Photo / Kirsty Wigglesworth

Президент  ұзақ уақыт ауырған

Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Заид Аль Нахайян өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері президенттің ұзақ уақыт ауырғанын жазуда.   

Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайян бұрынғы президенттің тұңғыш ұлы, мемлекет басшысы болып тағайындалғанға дейін Абу-Дабиді басқарды. 

Ол 2004 жылдың 3 қарашасында президент болып сайланды. 2014 жылдың қаңтарында Халифа жүрек ауруына душар болып, билік оның бауыры Мухаммад ибн Заид Аль Нахайянға өтті.