Birgemiz: Úmit жобасына 2 мыңға жуық волонтер қатысады

Birgemiz: Úmit жобасына 2 мыңға жуық волонтер қатысады
Сурет: Tengrinews.kz

Еріктілер кинологиялық қызметтермен ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізуге ниетті

Қазақстанда еріктілердің іздестіру іс-шараларына қатысуын кеңейтуге және халықты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған Вirgemiz: Úmit жалпыұлттық жобасы іске аса бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдап отыр.

«Жобаны іске асыру барысында жоғалған адамдарды іздеу жөніндегі іс-шараларға волонтерлерді тарту үшін біз конкурстық негізде кемінде 30 шағын грантты ұсынамыз. Волонтерлерді неғұрлым көп дайындап, оқытсақ, жобаны іске асыру соғұрлым тиімді болады. Ең табысты командалардың тәжірибесі 10 кейс жинағына кіреді», - деді «Қызылорда еріктілері» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Чебакова.

Бұл шараға кемінде 2 мың қазақстандық тартылмақ. Олардың 50-і – күміс волонтер қатарынан болуы тиіс.

Айта кетейік, биыл еріктілер кинологиялық қызметтермен ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізуге ниетті. Ұйымдастырушылар қызметтік иттердің құтқарушыларға төтенше жағдайларда адамдарды іздеуге және құтқаруға үлкен көмек тигізетінін айтады.