Бір жылда қазақстандықтардың шығыны 17% өскен

Бір жылда қазақстандықтардың шығыны 17% өскен
Сурет: Ehonews.kz

Бұл - соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығындары бірден 16,7%-ға өсіп, жан басына шаққанда рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ: өткен жылдың сәйкес кезеңінде үй шаруашылығының шығындары жан басына шаққанда 188,2 мың теңгені құрады, яғни бір жылда 6,7% көбейген.

Өңірлерді салысытыратын болсақ, Алматы тұрғындарының шығындары ең жоғары көрсеткішке ие: тоқсанына жан басына шаққанда  319,6 мың теңге, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда  бірден 19,7%-ға артық болған. Екінші және үшінші орындарда Қарағанды ​​облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, жылына 15% қосылған) және астана (266,2 мың теңге, 14,9% көбейген) тұр. 

Ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте байқалып отыр: бар болғаны 158,2 мың теңге, жылына 6,7% қосылған. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен бірден 28%-ға аз.

Шығынның ең көп өсімі Солтүстік Қазақстан облысында болған – бірден плюс жылына 30,1%, 245,9 мың теңгеге дейін.

Халықтың барлық шығынын, яғни 91,9%-ын тұтыну шығындары құрайды: 201,8 мың теңге, бір жыл бұрынғыдан 16%-ға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарларының құны 109,9 мың теңгені, азық-түлік емес тауарларға – 53,2 мың теңгені, ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңгені құрады.

Туыстарына материалдық көмек көрсетуге және алимент өндіруге 4,1 мың теңге, қарызды өтеуге 13,4 мың теңге, салық, төлемдер және басқа да төлемдерге 437 теңге жұмсалды.