Бір жылда азық-түлік қаншаға қымбаттады?

Бір жылда азық-түлік қаншаға қымбаттады?
Сурет: Naryntany.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,2%-ға, ал жылдық мәнде 10,7%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады, деп хабарлайды Almaty-alkshamy.kz.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы

/2023 жылғы 16 мамыр/:

Сүт 2,5% – 370 тг/л;

Тауық еті – 1223 тг/кг;

Сәбіз– 162 тг/кг.