Бір жылда 22 мыңдай адам ұрлық жасап ұсталды

Бір жылда 22 мыңдай адам ұрлық жасап ұсталды Сурет: Егемен Қазақстан

Оның ішінде 85 пайызы - жұмыссыздар.


2021 жылдың он екі айында елімізде «ұрлық» бабы бойынша 57,5 ​​мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасында соңғы бес жылда ұрлық жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда ұрлық саны 51,7%-ға азайып, 67,3 мың болса; бес жыл бұрын, 2017 жылы - 10,4% -ға азайып, 193,2 мың болған.


2021 жылы құқықбұзушылық саласындағы қылмыстың 5,2 мыңы пәтер ұрлығы болса, 1,8 мыңы қалтаға  түсу болды. Сондай-ақ 13,5 мың ұялы телефон ұрлығы, 4 мың көлік ұрлығы, 889 түсті металл ұрлығы тіркелді.



Өңірлік тұрғыдан алғанда, барлық ұрлықтың 20,8%-ы Алматы қаласында тіркелген: 12 мың қылмыс – бұл бір жыл бұрынғыдан 18,2%-ға аз. Сондай-ақ қылмыстық «көшбасшылықтың» алғашқы үштігіне елорда  (5,4 мың, жылына 15,1%-ға артық ) және Алматы облысы (4,9 мың жағдай, жылына 13%-ға кем ) кіреді.


Ұрлықтың ең азы тіркелуі Маңғыстау облысында: 851 факт, жылына 11,2% -ға кем.


Мұндай қылмыстар санының ең көп өсімі елордада (26,4%-ға артқан) тіркелсе, көбірек кемігені Түркістан облысында (1,2 мың құқық бұзушылыққа дейін) байқалды.



2021 жылы жеке тұлғаларға қатысты 51,9 мың, заңды тұлғаларға 3,1 мың ұрлық жасалған. 9 қылмыстың кесірінен жәбірленуші қайтыс болған.


 Ұрлық жасаушылардан 25,6 мың әйел, 2,1 мың зейнеткер, 362 студент, 174 кәмелетке толмаған бала, 25 мүгедектігі бар адам, 3 сотталушы зардап шеккен.


2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «ұрлық» бабымен ұсталған 21,6 мың адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,8%-ға аз. Оның ішінде 85,2% жұмыссыз, яғни 18,4 мың адам. Сондай-ақ «ұрлық» бабымен ұсталғандардың ішінде 1,2 мың жұмысшы, 433 студент, 52 жеке кәсіпкер, 20 мемлекеттік қызметші бар.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21