Бір жарым миллион оқушы үшін 500-ден астам мектеп ашылады

Бір жарым миллион оқушы үшін 500-ден астам мектеп ашылады
Сурет: Aikyn.kz

Бұл - елімізде алдағы үш жылдың ішінде орындалуы тиіс меже. 

Qazaqstan.tv арнасының «Бас тақырып» бағдарламасында бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында атқарылатын жұмыс жайлы әңгіме өрбіді. Жалпы, елімізде 240 мың оқушыға орын жетпейді. Әлі 150 мектеп үш ауысымда жұмыс істеп келеді. Тіпті, саман кірпіштен салынған, апатты жағдайда тұрған білім ошақтары бар. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінше оң шешімін табады.

«2 трлн 600 млрд теңге тек осы мектептерді салуға 2026 жылға дейін қаражат бекітілді. Біріншіден, «Жайлы мектеп» аясында 400-ден астам жаңа мектеп пайда болады. Барлық жағдайлар, талаптармен салынады. Қосымша қаражат көздерінің қарастырылуына байланысты, 1,5 миллион оқушыға арнап 500-ден астам мектеп салынады», - деді ҚР Премьер-Министрдің орынбаары Алтай Көлгінов.