Бір топ қазақстандық өрт сөндірушілер мен еріктілер марапатталды

Бір топ қазақстандық өрт сөндірушілер мен еріктілер марапатталды
Сурет: Kstnews.kz

Олар «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №1020 Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін 20 азамат мемлекеттік наградамен мараптталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше,«Ерлігі үшін» медалімен:

  1. Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  2. Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
  3. Әкім Алдияр Ермекұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
  4. Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  5. Базаров Ержан Оралханұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;
  6. Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  7. Бауэр Алексей Александрович – волонтер;
  8. Боромбаев Айдос Сағынайұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;
  9. Ержанов Айбек Ахметбекұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;
  10. Жапаров Самат Таласпайұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  11. Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
  12. Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;
  13. Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
  14. Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;
  15. Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер;
  16. Төлеухан Әнуар Жанатұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  17. Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;
  18. Хасенов Мұрат Қалиханұлы – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;
  19. Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
  20. Щурихин Максим Сергеевич – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.