Бір тәулікте коронавирус 34 адамнан анықталды

Бір тәулікте коронавирус 34 адамнан анықталды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Алдағы тәуліктерге қарағанда коронавирусқа шалдыққандар саны едәуір төмендеді.

Қазақстанда өткен бір тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ДСМ сілтеме жасап.

22 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде 1 772 адам коронавирустан (коронавирустан (КВИ+) –1 602, коронавирус пневмониясынан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.