Бір тәулікте 1602 алматылық коронавирус жұқтырған

Бір тәулікте 1602 алматылық коронавирус жұқтырған
Сурет: Tsargrad.tv

96 бала ауруханада жатыр.

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 442 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

3 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1602 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 158, келіп түскені – 75.

«Инфекциялық стационарларда 1 442 адам бар (төсек-орын саны - 3310 ). Оның ішінде 96 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 93 адам жатыр.

Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 517 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 9919 науқас, симптомсыз 598 науқас бар.