Бір миллион доллардан аса қаржы жымқырған есепші құрықталды

Бір миллион доллардан аса қаржы жымқырған есепші құрықталды Сурет: ашық дереккөз

 «Қазақтелекомның» Алматы филиалының есепшісі 1 364 мың доллар жымқырды


«Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы қалалық филиалының есепшісі 643 млн теңге ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, филиал бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.



«Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ филиалдары бухгалтерінің аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолдады.


Ол 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 млн теңгеден астам сомаға ақша ұрлады деп айыпталып отыр», - делінген ведомство хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31