«Бір ел – бір кітап»: Келер жылы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап»: Келер жылы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді
Сурет: Massaget.kz

Бұл шара 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ұлттық академиялық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл республикалық акцияның басты тақырыбы ретінде мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы жарияланған. Осылайша, келесі бағыттар бойынша зерттеу жүрді:

  1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

2.«Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»

3.«Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен сөз тіркестері»

  1. «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсынтану».

Ал, 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Сонымен қатар, балаларға арналған бөлім ашу қарастырылып отыр. Себебі, балалар әдебиетін де оқу маңызға ие.

Шара соңында Көкшетау облыстық «El-jastar» театры Алаш зиялылары мен Ахмет Байтұрсынұлының қасіретті тағдырын көрсететін көріністі сахналады.

Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткізіліп келеді. Міндеті – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.