Бір айда Конституциялық Сотқа 800-ден астам өтініш түскен

Бір айда Конституциялық Сотқа 800-ден астам өтініш түскен
Сурет: ATPress.kz

Көбі Астана, Алматы қалалары және Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан келген.

Конституциялық бақылау органының алғашқы айдағы жұмысының қорытындысы бойынша қаңтар айында 800-ден астам өтініш тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасып жатыр. Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданды (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.

Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.