Бір айда 1,5 мың қазаққа қандас мәртебесі берілді

Бір айда 1,5 мың қазаққа қандас мәртебесі берілді
Сурет: Informburo.kz

1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ көшіп келген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 ақпандағы мәліметінше, 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% – жоғары білімді, 40,9% – орта кәсіби білімді, 35,2% – жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.