Бір аптада заңсыз айналымнан 121 келі есірткі тәркіленді

Бір аптада заңсыз айналымнан 121 келі есірткі тәркіленді
kazanreporter.ru

Өткен аптада Қазақстан аумағында үш мыңға жуық қылмыс жасалды, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2918 қылмыс жасалды, оның 1842-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 455 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ өткен аптада еліміздің есірткіге қарсы күрес қызметкерлері 124 есірткіге қатысты құқық бұзушылық, оның ішінде 16 өткізу, 15 сақтау, 2 контрабанда, сондай-ақ 2 өсіру фактісін анықтап, 1 притонды ұйымдастырып, ұстау фактісін тіркеді. Заңсыз айналымнан шамамен 121 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келі синтетика тәркіленген.