Былтыр ел аумағында өртке байланысты 12 мыңнан астам оқыс жағдай тіркелді

Былтыр ел аумағында өртке байланысты 12 мыңнан астам оқыс жағдай тіркелді
Сурет: Qarmaqshy-tany.kz

Былтыр Қазақстанда болған өрттерден 9 млрд теңге шығын келген.

2021 жылы ел аумағында 12 мыңнан астам оқыс жағдай тіркелді. Тілсіз жаудан 413 адам көз жұмып, 429 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, бұл оқиғалардың 34 пайызы электр жабдықтарындағы ақауға байланысты болған. Ал тұрғындардың абайсызда жасаған әрекетінен 3400-ден астам өрт тіркелді. Министрлік сәуір-мамыр аралығында ұлттық парк, табиғи қорықтар мен балалар лагерінің өрт қауіпсіздігі мен дайындығын тексереді. Аймақтық топтар құрылған. Қажет болған жағдайда,

жалын шарпыған үлкен аумақтарға 39 мың адам, 8 мың техника және 10 тікұшақ жұмылуға әзір.