Билл Клинтон ауруханада жатыр

Билл Клинтон ауруханада жатыр
Сурет: Gazeta.ru

Американың 42-ші Президенті қанға түскен инфекциядан емделуде. 

АҚШ -тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон Калифорниядағы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл мәліметті таратқан CNN арнасы дәрігерлер мен саясаткердің өкіліне сілтеме жасапты. 

Оның ауруы COVID-19-бен байланысты емес екені және оның ауруханаға жатқызылуына қанға инфекция түсу себеп болғаны айтылады. 

«Ауруханаға инфекциямен жеткізілді, ол жерден жұқтырған жоқ. Оны антибиотиктермен емдеуде», - деп хабарлады телеарна. Дәрігерлер оның ауруханада екі күн жатқанын айтты.