Билл Гейтс коронавирус жұқтырды

Билл Гейтс коронавирус жұқтырды
Сурет: REUTERS

Бұл туралы ол Тwitter-де жазды.

Билл Гейтс сынақта COVID-19 анықталғанын және симптомдары туралы жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс коронавирус жұқтырды.

«Симптомдар жеңіл, оқшауланып, сауығып кеткенше сарапшылардың пікіріне құлақ асамын», - деп жазған.

Сондай-ақ, Гейтс толықтай екпе алғанын, тестілеуге рұқсаты барын және тамаша медициналық қызмет алып жатқанын хабарлады.

Миллиардер өзі құрған Gates Foundation қоры әлемді жаңа пандемиялардың қаупінен сақтау үшін серіктестерімен бірге жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Мұның алдында Билл Гейтс коронавирустың ең «жаман» штамы пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. Ол келесі пандемияның алдын алу туралы кітабын да шығарған.