Білімге, өмірге құштар балақай

 

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған мына суреттегі балақайдың аты-жөні – Ванг Фуман (Wang Fuman).

Суретті осыдан екі жыл бұрын Вангтің мұғалімі түсіріпті. Оқиға былай болған екен. Ванг 9°С аязда жеңіл күртемен, жалаң бас 5 шақырым жердегі мектебіне емтихан тапсыруға келеді. Мектепке жеткенше шашы мен қасына қырау тұрып қалыпты.

Шешесі тастап кеткен 8 жасар Ванг Фуман Қытайдың Юньнань провинциясындағы шағын қыстақта әжесі, қарындасы үшеуі тұратын көрінеді. Ал әкесі күнкөріс қамымен үлкен қалалардың бірінде жұмыста жүреді, отбасына бірнеше айда бір соғып кетеді.

Балақайдың созылмалы гипотермия ауруы бар екен. Бұл кеселге шалдыққандардың денесіне жылу жетіспейді, үнемі тоңып жүреді. Ал оның ауылындағы мектепте жылу жүйесі жоқ. Балалар қыста сабақта сырт киіммен отырады.

Сурет сырына қайта оралсақ, 5 шақырым жердегі мектебіне жаяулатып, жалаңбас жеткен Ванг емтиханда 100 баллдан 99 балл жинапты. Ұстазы осы фотоны әлеуметтік желіге жариялаған соң, Юньнань провинциясындағы кедей отбасылардың балалары үшін жылыту құралдары мен  жылы киім алу үшін 450 мың АҚШ доллары жиналған. Әлеуметтік желінің арқасында әйгілі боп шыға келген баланы Пекинге шақырыпты. Ванг: «Біз үйде көмір жағамыз, күртемен ұйықтаймыз. Жылыту жүйесі деген ғажап екен ғой, Пекиндегі үйлерде бір көйлекпен жүруге болады екен!», – деп таңқалыпты.

Айналамызда ашқұрсақ боп, тоңып жүрген ешкім жоқ па, қарайлай жүрейік!

Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *