Мектептегі білімде сапа болмаса, сапалы ғылым да болмайды

Мектептегі білімде сапа болмаса, сапалы ғылым да болмайды
Сурет: Qazaqstan.tv

Президент реформалары: айтылды – жасалды

Білім және білімді мен оны қалыптастыратын адамдар – бүгінгі күннің ең құнды ресурсы. Білім мен ғылымның дамуына арқа сүйемеген ел қазіргі заманда өмір сүре алмайды. Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан білім беру жүйесіндегі үрдістер ел басшылығының жағдайды жақсы түсінетінін және дамудың жаңа траекториясына қалай «бағыттауды жүйелі» пайымдайтынын көрсетеді.

Өткен жылы Үкімет құрылымында білім және ғылым саласын басқаратын екі ведомство пайда болды: бір бейінді министрліктің орнына екеуі – Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

Сарапшылар атап өткендей, бұл қадам арқылы ғылымға да, білім берудің әрбір деңгейіне де бірдей лайықты көңіл бөлу үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалды. Бұл абсолютті негізделген көзқарас: білім беру кешенді жүйе және оның кез келген деңгейіндегі олқылықтар мен кемшіліктер осы жүйеден әлдеқайда алысқа кететін ұзақ мерзімді «домино әсеріне» ие. Қарапайым тілмен айтқанда, мектептегі білімде сапа болмаса, сапалы ғылым да, яғни «білім экономикасы» да болмайды. Ауыл мен қала, әртүрлі әлеуметтік топтар арасында білім сапасы мен оған қолжетімділікте алшақтаса, әлеуметтік және материалдық теңсіздік ушыға түседі. Тізбек көп. Ал мұның барлығы мемлекеттің орнықтылығына тікелей әсер етеді.

Өткен жылдың тағы бір үлкен жүйелі шешімі – Ұлттық ғылым академиясының трансформациясы. Оған мемлекеттік мәртебе (ҰҒА 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде жұмыс істейді) және бюджеттік қаржыландыру қайтарылды.

Академия, шын мәнінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына мүмкіндігінше жұмыс істеуі үшін ғылымды дамыту саласындағы ұлттық саясатты айқындайтын орталықтандырылған құрылымға айналады. Осы бағыттар бойынша 2022 жылы жүзеге асырылған шаралар мен жобалардың ішінде Ғылымды дамыту тұжырымдамасы мен 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданғанын  ерекше атап өтуге болады.

Ғалымдарға қолдау көрсету жүйесі дамытылуда, оның ішінде сыйақы бағдарламалары арқылы, мысалы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлықты тағайындау қарастырылған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік-техникалық кадрлар мен медицина қызметкерлері санаттарына қойылатын талаптар төмендетілді.

Еліміздің үш өңірінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы ашылды. И.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында, Мәскеу инженерлік физика институтының филиалы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, Аризона университетінің филиалы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында.

Мұндай жобалар Қазақстан үшін халықаралық деңгейдегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар «жоғары мектептегі» стандарттарды көтеруге мультипликативті әсер етеді.