Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері өз таңдауын жасады

Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері өз таңдауын жасады Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Құрметті азаматы, білім беру саласында көп жылдық еңбегі бар ұстаз Аягүл Миразова дауыс берді. 


Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, ұстаз Аягүл Миразова Алматының №372 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек ету керек, күресе білуі тиіс. Біздің мемлекетімізді құратын да, оны дамытатын да, оны әділетті ететін де сіздер мен біздер және жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», – деді А.Миразова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10