Білім ордасында реферндумға қатысты дөңгелек үстел өтті

Білім ордасында реферндумға қатысты дөңгелек үстел өтті
almaty-akshamy.kz

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Республикалық референдум – құқықтық шығармашылықты демократияландыру және конституциялық реформаны заңдастыру құралы» атты дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Шараға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  ректоры Талғат Нұрғожин, заң ғылымының докторы, университет профессоры Бинұр Тайторина, Халықаралық білім беру корпорациясының Маркетинг департаментінің директоры Диана Малаева және университет декандары,  оқытушылары қатысты.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, заң ғылымының докторы Бинұр Тайторина референдум туралы толыққанды баяндама жасап, жиналғандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

«Негізгі талқыланған мәселе – 5 маусым күні өтетін референдум. Өздеріңіз білесіздер, референдум елдің саяси өмірінде айтарлықтай маңызы бар үрдіс. Конституциялық реформа – тарихи оқиға. Референдум туралы толық ақпарат алып қана қоймай, куәсі болып, барып қатысуымыз керек. Университет көлемінде референдум туралы шаралар екі  аптадан бері өткізіліп келе жатыр. 1-2 курста, бакалавриатта, интернатурада, резидентурада оқитын студенттерге, университет қызметкерлеріне референдум туралы түсінікті тілде баяндама жұмыстарын жүргіздік»,- деді ол.