Білім ордасына жарылғыш зат қойған оқушы әрекетін түсіндірді

Білім ордасына жарылғыш зат қойған оқушы әрекетін түсіндірді
Cурет: Almaty.tv

Саперлар қауіпті затты сыртқа шығарып, аула ішінде жарған

Мектепке барғым келмейді. Білім ордасына жарылғыш зат қойған оқушы қыз бұл әрекетке не үшін барғанын осылай түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Кеше кешке Көкшетаудағы №2 мектеп-лицейінен күдікті затты байқаған қызметкерлер бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан. Саперлар дер кезінде қауіпті затты сыртқа шығарып, аула ішінде жарған.

«Табылған зат темір сымдары бар, қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсайды. Оқиға орнына барған полицейлер мен мамандар оны ғимараттан шығарып, мектеп ауласында жару туралы шешім қабылдаған. Абырой болғанда ол кезде мектепте ешкім болмады. Қазір бұл істі ұйымдастарған оқушы қызды профилактикалық есепке қою туралы мәселені қарастырып жатыр», – деді Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Әсима Әбдірахманова.