Білім мекемелерінде көптеген өзгерістер болады

Білім мекемелерінде көптеген өзгерістер болады
bag. kz

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім ордаларындағы тәрбие жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бұл орайда біз бүгінде білім мекемелерінде орын алған іс-шараларды көптеп өткізуден бас тартып, жобалық ұстанымға ауыстырамыз. Ол жүйелі түрде тәрбиелік мақсатқа бағытталған дебаттық қозғалыс, кітап оқу, театр, музейлерге бару, өзін-өзі басқару, қоғамға қызмет сияқты жобалар арқылы үнемі тәрбиелеуді іске асырамыз, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттарының форматтары өзгертіледі. 

Жалпы, тәрбие жұмысын жаңаша жүргіземіз, - деп атап өтті еліміздің Бас педагогы Үкіметте.