Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: Smapse.ru

Бұдан бұрын бүгін тізім жарияланатынын хабарлағанбыз.

2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дайын сертификаттарды талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтынан жүктей алады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.

Еске сала кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты, яғни көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер грант алуда басымдыққа ие болды.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдерін мына жерден көре аласыз.