Биылғы желтоқсанда өтуі тиіс болған әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты келесі жылға шегерілді

Биылғы желтоқсанда өтуі тиіс болған әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты келесі жылға шегерілді
Cурет: Olympic.kz

Бокстан әйелдер арасында 2021 жылдың 6-19 желтоқсанына жоспарланған әлем чемпионаты кейінге шегерілді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

АІВА аталған турнирді өткізге бар күшін салғаныман, көптеген ұлттық федерациялардың өз елдеріндегі шектеулерге байланысты қиындыққа тап болғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Осыған орай, АІВА директорлар кеңесі Түркия ұлттық федерациясымен кеңесе келе, әлем чемпионатын 2022 жылға шегеру туралы шешім қабылдады. 

«Көптеген командалар жарысқа дайындалып жатқандықтан, олардың бұл жаңалықты ауыр қабылдайтынын білеміз. Алайда, спортшылар мен ресми тұлғалардың және өзге де ұйымдастырушылардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сондықтан, біз тәуекелге бара алмаймыз», - деді АІВА президенті Умар Кремлев.