Биылғы 7 айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биылғы 7 айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
kt.kz

Бұл көрсеткіш 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі еліміздің барлық өңірінде артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы хабарлаған ҚР ИИДМ телеграм каналының мәліметіне сәйкес, Қазақстан бойынша барлығы: 66 014 тұрғын үй (оның ішінде – 21 193 жеке үй) салынды.

Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Жалпы құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,1% құрады.