Биылғы жазда ауа райы қандай болады?

Биылғы жазда ауа райы қандай болады?
Сурет: Goodfon.ru

Маусым айында жауын-шашын аз болады.

«Қазгидромет» мамандары алдағы жаз қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Келер жаз, ауа райының тұрақсыз сипаты бар күндермен — нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады.

«Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады»,- делінген «Қазгидропмет» хабарламасында.

Болжам бойыша, маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады - климаттық нормаға жақын.