Биылғы наурызда неше күн демаламыз?

Биылғы наурызда неше күн демаламыз? Сурет: Qazaly.kz

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар  8 наурыз бен Наурыз мейрамын тойлайды.


Наурызда барлығы 4 мемлекеттік мереке күні болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар бір күн демалады.


Ал  Наурыз мейрамында – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.


Анықтап кетейік сол аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс кұндері болып саналады. Ешқандай ауыстырулар жоқ.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет