Биылғы қараша айында аудан әкімдерінің көп балалы аналармен сегіз кездесуі өтті

Биылғы қараша айында аудан әкімдерінің көп балалы аналармен сегіз кездесуі өтті
Сурет: kamgov.ru

Кездесуге барлығы 149 көп балалы ана келді. 

Аудан әкімдерінің қаланың көп балалы аналарымен 2022 жылғы қарашаға арналған бекітілген кездесу кестесіне сәйкес, қала аудандарының әкімдері 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Кездесуге барлығы 149 көп балалы ана келіп, іс-шара барысында 128 мәселе қаралды. Оның 72-сіне түсініктеме беріліп, кездесуден кейін 23 мәселе пысықталды, 33-і бойынша жұмыс істеліп жатыр.

Негізгі мәселелер:

  • тұрғын үй алу тәртібі (кезекке қою) - 31 (24%);
  • білім беру («Art.sport» бағдарламасы, балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) – 25 (20%);
  • денсаулық сақтау – 9 (7%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жиынтықтары) - 12 (9%);
  • ТҮКШ және абаттандыру (газ тарту, сумен жабдықтау және су бұру) - 8 (6%);
  • жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар – 7 (5%);
  • жер телімін заңдастыру және анықтау - 1 (1%);
  • есепке алу (тіркеу) – 2 (2 %);
  • алимент – 1 (1%);
  • бизнес ашу – 2 (2%);
  • басқа мәселелер – 30 (23%).

Қала әкімі 2022 жылғы желтоқсанға аудан әкімдерінің қаланың көп балалы аналарымен кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Айта кетейік, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтінішке байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көп балалы аналармен ай сайын кездесуін тапсырған болатын. 

 2022 жылғы желтоқсанға арналған аудан әкімдерінің қаладағы көп балалы аналармен кездесу кестесі

 

Кездесу күні

Кездесу уақыты

Кездесу орны

Ескертпе

Алатау ауданы

15.12.2022 ж.

сағ: 10.00

Алатау ауданы

әкімінің аппараты

(Жанқожа батыр көшесі, 26)

 

Алмалы ауданы

7.12.2022 ж.

сағ: 10.00

«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы

 (Наурызбай батыр көшесі, 106 А)

 

Әуезов ауданы

09.12.2022 ж.

сағ: 10.00

Ауезов ауданы

әкімінің аппараты

 (Алтынсарин даңғылы, 23)

 

Бостандық ауданы

06.12.2022 ж.

сағ: 10.00

№22 гимназияның акт залы

әтбаев даңғылы, 69)

 

Жетісу ауданы

08.12.2022 ж.

сағ: 10.00

«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы

(Жансүгіров көшесі, 65)

 

Медеу ауданы

14.12.2022 ж.

сағ: 10.00

№98 жалпы білім беру мектебі

әтібеков көшесі, 89 үй)

 

Наурызбай ауданы

25.12.2022 ж.

сағ: 10.00

Наурызбай ауданы

әкімінің аппараты

 ұгыла ш.а, 347)

 

Түрксіб ауданы

22.12.2022 ж.

сағ: 10.00

«Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы

 (Р.Зорге көшесі, 9)