Биылғы қаңтарда 77 адам сыбайлас жемқорлықпен ұсталды

Биылғы қаңтарда 77 адам сыбайлас жемқорлықпен ұсталды Сурет: Inbusiness.kz

Құқықбұзушылықтың үштен бірі пара алу дерегіне тиесілі.


Ағымдағы жылдың қаңтар айында елімізде 169 сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 21%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.


Салыстыру үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде осындай 214 құқықбұзушылық тіркелді, бұл жылына минус 35,2% деген сөз.


Қаңтардағы мұндай құқықбұзушылықтардың саны 4 жыл қатарынан азайып келеді. 2022 жылдың қаңтарын 2018 жылдың қаңтарымен салыстыратын болсақ, заң бұзушылықтар саны 6,7 есеге азайған.



Өңірлік тұрғыдан алғанда, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді: барлығы 23 жағдай, бұл жылына 27,8%-ға артық. «Жемқор» облыстардың үштігіне елорда (21 құқық бұзушылық, жылына минус 19,2%) мен Түркістан облысы (18 құқық бұзушылық, 2 есе өсім) кіреді.


Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда және Атырау облыстарында тіркелген, облыстардың әрқайсысында 3-ақ оқиға тіркелген.


Еліміздегі бұл құқықбұзушылықтардың басым бөлігі, яғни 125 іс ауыр қылмыс санатына жатқызылды. Тағы 35 іс орташа ауырлықтағы, 8 іс ауыр емес, 1 іс аса ауыр санаттағы қылмыстар санатына жатқызылды.



Барлық қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының 32,5%-ы пара алу болды: 55 іс, жылына минус 12,7%. Бұдан кейінгі орында пара беру (48 іс, жылына минус 32,4%), қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (18 іс, плюс 63,6%), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (13 іс, минус 45,8%) және билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану (13 жағдай, минус 7,1%) тұр.


Ағымдағы жылдың қаңтар айында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 77 адам ұсталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық.


Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын көбінесе әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (7 адам), Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері (әрқайсысында 2 адамнан) жасаған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет