Биылдан қалмай Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленеді

Биылдан қалмай Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленеді
Сурет: Gozetim.com

Өндірісте өлім-жітім жиілеп кетті.

Мәселен, халықаралық стандарт бойынша 500 оқиғада бір ғана шығын болуы тиіс. Ал біздің елде 11 жағдайда бір адам көз жұмады. Сарапшылар қоғамды алаңдатқан осы мәселені Елордадағы форумда талқылады. Енді биылдан қалмай, Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің деректеріне сүйенсек, құжатта жұмыскерлердің еңбек жағдайындағы сапаны арттыру, еңбек ресурстарын үнемдеу көзделмек. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін бағалауда жарақат алу көрсеткіші, жабдықтардың қауіпсіздігі, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және сырқаттану деңгейі қамтылады. Сондай-ақ кәсіпорындардың цифрлық картасы әзірленеді. Бұл картада еңбек жағдайын толық көруге болады. Материалдық-техникалық базаға мониторинг жасалып, соған сәйкес жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

«Әрбір жұмыс орны бағаланса, әрбір жұмыскерінің нақты оның жағдайы қандай жұмыс орнында және де ол қаншалықты қаматмасыз етілді кепілдік бойынша, құралдар бойынша, арнайы киім бойынша, сонда ол оған нақты әлеуметтік, экономикалық эффект береді деп ойлаймын. Ол, ең бастысы, шын айтсақ, ең түпкіде мұның барлығы жұмыстың жағдайын, жұмыскердің жағдайын жасайды», - дейді Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Әлімжан Бекмағанбетов.