Биыл жол сапасына жауапты мекемелерге 111 млн теңге айыппұл салынды

Биыл жол сапасына жауапты мекемелерге 111 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Inbusiness.kz

81 техникалық қадағалау объектісіне айыппұл салынды.

 "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" автожолдарды салуға арналған 29 мыңға жуық материалға тексеріс жүргізіп, 24 пайызының сапасы төмен екендігін анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Нәтижесінде 81 техникалық қадағалау объектісіне айыппұл салынып, 59 аттестат пен 72 лицензия жарамсыз болып танылды.

Орталық жол мониторингін жүргізуде жаңа, озық технологияларды қолданады екен. Жақында жасанды интеллект арқылы қай жолда қандай ақау барын алдын ала анықтайтын "суперфейс" атты жүйе іске қосылмақ.