Биыл Жетісу ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары пайда болады

Биыл Жетісу ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары пайда болады
almaty-akshamy.kz

Алматының Жетісу ауданындағы Құлагер, Айнабұлақ-2 және Кемел шағын аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


  
Алматы қаласы Жетісу ауданының үш тұрғын шағынауданында биыл жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары пайда болады. Аудан әкімі Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде құрылыстың барысы туралы хабарлады. 
 

Гүлнар Көкебаеваның айтуынша, аудандардың дамуы үшін білім, медицина және белсенді демалыс орындарының қадамдық жақындықта орналасуы маңызды. Сондықтан Жетісу ауданында бірден үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды. 

 
«Бұл Жетісу ауданын жайлы етеді. Біздің мақсат – спортпен шұғылдануға және бос уақытты өткізу үшін мүмкіндігінше көп орын құру. Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарына бару ақысыз болады. Мемлекет және қала басшылығы елді мекендерді дамытуға, оның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше назар аударады, біз барлық жағдайды жасаймыз», - деді Г. Көкебаева. 


 
Қазіргі кезде Құлагер шағынауданында (аяқталу мерзімі - 2022 ж.), Айнабұлақ-2 және Кемел шағын аудандарында (аяқталу мерзімі - 2021 ж.) үш дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүргізілуде. Әзірге құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалды. Бұл Жетісу ауданының балалары, жастары мен зейнеткерлері үшін жаңа тартымды орындар болады деп жоспарлануда. 
 
Жетісу ауданының әкімі Кемел шағынауданының тұрғындары үшін болатын өзгерістер туралы да айтты. 
  


«Шілдеде отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, оның жобалық қуаты бойынша ауысымына 200 келушіні қабылдайды. Амбулаторияның ескі ғимараты бұзылды», - деді Гүлнар Көкебаева. 
 


Сондай-ақ «Айнабұлақ-3» шағын ауданындағы №11 емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде, оны 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.