Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
Сурет: Adyrna.kz

Биыл ел астанасында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», - делінген хабарламада.

Алайда ведомство мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

«Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шараны жоспарлап отыр», - деп атап өтті ведомствода.