Биыл тұтынушы шағымдарының 12 пайызы қорғалмады

Биыл тұтынушы шағымдарының 12 пайызы қорғалмады
Сурет: Egemen.kz

Оған себеп - қолданыстағы заңнамада арнайы норманың болмауы.

Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы 10 айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен өтініштердің 45,6 пайызы шешімін тапты. 42,4 пайызында көрсетілген мәселе бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Ал өтініштердің 12 пайызында тұтынушылардың құқығы қорғалған жоқ. Міне, дәл осы 12 пайыз азаматтың тұтынушы құқығын қасақана бұзған бизнес субъектілеріне айыппұл салу үшін заңнамада арнайы норма қажет», - деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында құқығы сақталмаған тұтынушылардан түскен арыздар былтырмен салыстырғанда 139 пайызға өскен.