Биыл Тараз қаласына 14 елді мекен қосылады

Биыл Тараз қаласына 14 елді мекен қосылады
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық тіркеуге ауысады.

Биыл Тараз қаласына 14 елді мекен мен Байзақ және Жамбыл аудандарының екі саяжайы қосылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24 kz арнасына сілтеме жасап.

Бас жоспар Үкіметте бекітілсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық тіркеуге ауысады. Жоспарға сәйкес, шаһар көлемі 30 мың гектарға дейін өседі. Тараздың әкімі 2025 жылға дейін қала екі әкімшілік ауданға бөлінетінін мәлімдеді. Бұл - халық санының 400 мыңнан асуына байланысты орындалатын заңнамалық талап. Сонымен қатар жыл соңына қарай облыс орталығында 3 жаңа ауданның құрылысы басталмақ. Олардың әрқайсысында 60-70 көп қабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Таразда көп жылдан бері 2 көпірге қажеттілік туындаған. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетін болды. 

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың айтуынша, «За линией» деген атауы бар аймақты қаладан теміржол бөліп тұр. Осы теміржолдың үстінен аспалы көпір салу жоспарға енген. Болашақ жаңа шағынаудандармен қосу үшін 1,8 км құрайтын аспалы көпірдің құрылысы жоспарланған».