Биыл шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі

Биыл шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі
Сурет: Primeminister.kz

Биыл «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 миллиард долларға шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Директорлар кеңесінің кезекті отырысына айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ жиында 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы және Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін өңірлерде 212 іс-сапар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, 13 ірі инвестициялық іс-шара өткізілді.