Биыл Медеу ауданында 126 мың көшет отырғызылды

Биыл Медеу ауданында 126 мың көшет отырғызылды
inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.    

Ауданда жасыл желектерді отырғызу жалғасуда. Жыл басынан бері 48,4 мың ағаш пен бұта отырғызылды. Жылдың соңына дейін тағы 10 мың желек отырғызылады. Ауданда 1 млн. ағаш отырғызу аясында 126 мың көшет отырғызылды. Гүлмен көгалдандырылған аймақтың ауданы 41 мың шаршы метрді құрайды.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша ауданда апатты жағдайдағы 7 мың ағаш бар. Биыл жоспар бойынша 1200 ағаш кесілуі тиіс, қазіргі уақытта 850 ағаш кесілді, жыл соңына дейін тағы 350 ағашты кесу көзделген.