Биыл магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді

Биыл магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізілді. Конкурс нәтижесі 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Бірнеше жыл қатарынан өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мен «Бизнес, басқару және құқық» сияқты бағыттарға берілді. Грант иегерлерінің есімі жарияланғаннан кейін жоғары оқу орындары құжаттарды 28 тамызға дейін қабылдайды.